Астанада бесік арба шеруі өтті          - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бесік арба шеруі өтті         

07.07.2016
 Астанада бесік арба шеруі өтті         

Астананың 18 жылдық мерейтойын елордалық жас аналар ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Еліміздің демографиялық мәселесін қола алып жүрген қыз-келіншектер бүлдіршіндерімен бірге бесік арба шеруін ұйымдастырды.

Олар «Нұржол» желек жолымен жүріп өтті. Солай балаларының қызығына тоймай мәре-сәре болған аналар көпбалалы ана болу үлгісін көрсетіп жатты. «Осындай келелі кездесулер үйде отырған аналарды біріктіріп, рухани дамуына септігін тигізеді»,-дейді шеруге қатысушылар.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу