Петропавлда гидро оқшаулау материалын шығаратын цех іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда гидро оқшаулау материалын шығаратын цех іске қосылды

07.07.2016
Петропавлда гидро оқшаулау материалын шығаратын цех іске қосылды

Петропавлда тағы да бір ауқымды жоба іске қосылды. «Ризолин»  гидро оқшаулау материалын шығаратын цех  жаңғыртылып,  Астана күні қарсаңында қолданысқа берілді. 

Енді зауыт  жылына 1 миллион  шаршы метр жабынды  материал шығара алады.  Бұл  нарықтағы сұраныстың 30 пайызын қамтиды.  Мұндай цех Республика бойынша Петропавлда ғана    бар,  оның баламасы тіпті  ТМД  аумағында  жоқ.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу