Бүгін алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Мірахмет Ниязовтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Мірахмет Ниязовтың туған күні

07.07.2016
Бүгін алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Мірахмет Ниязовтың туған күні

7 шілде, бейсенбі, 2016 жыл

2 жыл (2014) бұрын Астанада «Астана Bike» велопрокат станциялар желісі жұмыс жасай бастады. 

4 жыл бұрын (2012) Павлодар облысында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) әйгілі сахабасы Хазірет Әлидің тікелей ұрпағы, ислам дінін тұңғыш таратушы, ағартушы, философ, Мәшһүр Жүсіптің ұстазы Исабек ишан Хазіреттің 220 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

4 жыл бұрын (2012) Шымкентте Астана атты жаңа даңғыл ашылды.

6 жыл бұрын (2010) Петропавлда Достық субұрқағы ашылды, оның маңында әлем әдебиеті классиктерінің, ақындары мен жазушыларының 34 мүсіні орнатылған. Композиция авторы - белгілі сәулетші Қазбек Сатыбалдин.

10 жыл бұрын (2006) Астанада «Ақорда» республикалық қозғалысының мұрындық болуымен Шұбар кентінде 100 кісілік мешіт ашылды.

16 жыл бұрын (2000) Астанада жаңа Орталық алаң ашылды.

17 жыл бұрын (1999) Ақтөбеде ақын Нұрпейіс Байғанинге ескерткіш орнатылды.

21 жыл бұрын (1995) Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ұлы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған мерейтой басталды.

34 жыл бұрын (1982) Оралда қазақ халқының батыр қызы, Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың өмірінен сыр шертетін мемориалдық мұражай үйі ашылды.

39 жыл бұрын (1977) Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты) құрылды.

65 жыл бұрын (1951) әскери қайраткер, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері Сұлтан Бижанұлы ӘДІҚОЖАЕВ  дүниеге келді.

72 жыл бұрын (1944) итальяндық композитор, эстрада әншісі Кутуньо (толық аты-жөні - Сальваторе Кутуньо) ТОТО  дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1941) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ырысалды Әділханқызы ТӨКЕЕВА  дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-2004) Кеңес одағының батыры, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Құрметті азаматы Сейітқасым ӘШІРОВ  дүниеге келді.

125 жыл бұрын (1891-1943) алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Мірахмет Жүсіпұлы НИЯЗОВ  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу