«Астана-Щучье» тасжолынан 3 жылда 3 миллиард теңгеден астам түсім алынды - Сайранбек Бармақов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Щучье» тасжолынан 3 жылда 3 миллиард теңгеден астам түсім алынды - Сайранбек Бармақов

16.06.2016
«Астана-Щучье» тасжолынан 3 жылда 3 миллиард теңгеден астам түсім алынды - Сайранбек Бармақов

«Астана-Щучье» тасжолынан 3 жылда 3 миллиард теңгеден астам түсім алынды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан еліміздегі ақылы автожолдарды дамыту мәселелеріне қатысты жиында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2013 жылы «Астана-Щучье» жолына ақы алу енгізілген сәттен бері 3 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Демек, бұл бюджеттен жолды күтіп ұстауға, пайдалануға осыншама көлемде қаржы бөлінбейді деген сөз. Қазіргі уақытта жоба өз шығынын ақтаған жоқ. Енгізілген ақы жолды пайдалану және күтіп ұстау шығындарын жабуға ғана жетеді. Оған қыста және жазда жолдарды тазалау, бүлінген жерлерін жөндеу кіреді», - деді С.Бармақов.

Хабарламаларға жазылу