3,5 сағат ораза ұстайтын ауыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3,5 сағат ораза ұстайтын ауыл (ВИДЕО)

13.06.2016
3,5 сағат ораза ұстайтын ауыл (ВИДЕО)

Рамазан айы соңғы жылдары жаз маусымына сәйкес келгендіктен әлем мұсылмандары тәулігіне кемінде 15 сағат ораза ұстайды.

Алайда, Оман сұлтанаты таулы аймағында орналасқан Вакан ауылының мұсылмандары небәрі 3,5 сағат қана ораза ұстайтын көрінеді.

Мұның себебі, бұл ауылда күн сағат 11-де шығып, 14:30-да батуында болып отыр. Оман астанасынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан бұл ерекше ауыл бүгінгі күнде туристердің қызығушылығын тудырған мекенге айналды.

 mazhab.kz

Хабарламаларға жазылу