Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады

13.06.2016
Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады

Биыл Қазақстанда бункерлік салмақта 17-18 млн. тонна астық бастырылады деп болжануда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Алмасбек Марс мәлім етті.

«Біз ағымдағы жылы бункерлік салмақта өткен жылғы деңгейден төмен емес,  шамамен 17-18 млн. тонна астық бастырылады деп болжап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар комитет төрағасының орынбасары бүгінде әлемнің көптеген елдері Қазақстан астығына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Осы ретте ол ағымдағы маркетинг жылында 7-7,5 млн. тоннадан кем емес астық сыртқа шығарылатындығын айтты.

Хабарламаларға жазылу