Шу алқабында есірткіге қарсы «Көкнәр-2016» операциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шу алқабында есірткіге қарсы «Көкнәр-2016» операциясы басталды

02.06.2016
Шу алқабында есірткіге қарсы «Көкнәр-2016» операциясы басталды
Қазір еліміздің оңтүстігінде есірткінің табиғи шикізаты саналатын қарасораның гүлдеп, көбейетін уақыты. Соған орай Жамбыл облысының Шу өңіріне көлеңкелі бизнеспен айналысып оңай олжа тапқысы келетіндер өз елімізбен қатар сырттан да ағыла бастайды.

Олардың жолын кесіп тосқауыл қою үшін 140 мың гектарға жуық жерді алып жатқан қарасора алқабында «Көкнәр-2016» операциясы басталып кетті.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу