Қазір Астанада көгалдандыру қызметінің жұмысы қыза бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазір Астанада көгалдандыру қызметінің жұмысы қыза бастады

24.05.2016
Қазір Астанада көгалдандыру қызметінің жұмысы қыза бастады
Елордада жыл сайын шамамен, 530 футбол алаңындай жер көгалдандырылып, 83 мың шаршы метр аумаққа гүл егіледі екен.

Осыдан 10-15 жыл бұрын Астана маңы тып-типыл, ағаш түгіл бұтасы аз жалаңаш жазық дала болған. Табиғаты қатал, топырағы сортаң сол жерге бүгінде шыр бітіп, жасыл желек жайқалды. Кешегі жас шыбықтардың діңі бекіп, тамыры тереңге кетті. Теректер мен шыршалар сұңғақ бойлы сұлудай бой түзеді.

Гүлзарлар мен хауыздар қызыл-жасыл гүлге толады. Әсіресе, жадырап жаз келсе, тіптен жайнай түседі. Ал, Астана көгалдандыру қызметінің жұмысы қайнай түседі. Өйткені, еңбек осылардікі. Білсеңіз, олар жыл сайын шамамен, 530 футбол алаңындай жерді көгалдандырып, 83 мың шаршы метр аумаққа гүл егеді екен.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу