Елдің оңтүстігінен Шығыс Қазақстанға қоныс аударған Бобоевтар отбасы жылыжай шаруашылығын дамытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің оңтүстігінен Шығыс Қазақстанға қоныс аударған Бобоевтар отбасы жылыжай шаруашылығын дамытып отыр

24.05.2016
Елдің оңтүстігінен Шығыс Қазақстанға қоныс аударған Бобоевтар отбасы жылыжай шаруашылығын дамытып отыр
Ерлі-зайыпты Бобоевтар жылыжайды ешкімнің көмегінсіз өздері құрған.

Шығыс Қазақстандағы Новопокровка ауылында жылыжай салып ісін бастаған кәсіпкер өңірді арзан көкөніспен қамтымақ. Еліміздің оңтүстігінен қоныс аударған Бобоевтар отбасы биыл екінші жыл қатарынан бос жатқан жерді игеріп, мол өнім алып отыр.

Алда қысы қатал өңір үшін таңсық саналатын жылыжай шаруашылығын ауылдастарына да үйретіп, шығыс өңірде жер өңдеуді дамытуға үлес қоссақ, дейді.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу