Астанадан шыққан автошеру Бельгияға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан шыққан автошеру Бельгияға жетті

19.05.2016
Астанадан шыққан автошеру Бельгияға жетті
«Энергияның жаңа көздерін тауып, елді жарнамалау». Осы мақсатты көздеген Алматының 4 тұрғыны тоқпен жүретін «Tesla» көлігімен Астанадан Еуропаға автошеру ұйымдастырды.

Бір ай ішінде Беларусь, Польша, Чехия, Италия, Монако, Австрия, Швейцария, Франция елдерін электромобильмен аралаған жерлестеріміз бүгін Бельгияға жетті.

Ақпараттық технологияның қыр-сырын меңгерген мамандар еуропалықтарға елордада өтетін ЭКСПО көрмесін жарнамалап жүр. Әрі Еуропа елдерінің жасыл технологияны дамытудағы тәжірибесін игеріп, шаруа қожалықтарының,өндірістік мекемелердің жұмысымен танысуда.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу