Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізіп, министрліктерге нақты тапсырмаларды жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізіп, министрліктерге нақты тапсырмаларды жүктеді

06.05.2016
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізіп, министрліктерге нақты тапсырмаларды жүктеді
Премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев қысқа уақыт ішінде жер кодексіндегі түйткілді мәселелерді шешуге арналған комиссияны құрып дереу іске кірісуі керек.

Жер қатынастарына байланысты негізгі жұмыстар Ұлттық экономикадан Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыстырылады.

Инвестициялар және даму министрлігінен ақпарат саласына қатысты барлық құрылымдарды Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне өткізу.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тез арада медициналық сақтандыру жұмыстарын түсіндіруге бағытталған жол картасын әзірлеуі керек.

Білім министрлігі оқу реформаларына қатысты мәселелерді терең зерттеу. Ал, премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваға барлық сұрақтар бойынша жауап беретін ақпарат орталығын құру тапсырылды.

Хабарламаларға жазылу