Құқық қорғау органдарының 16 басшы қызметкері арнайы оқу курсынан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау органдарының 16 басшы қызметкері арнайы оқу курсынан өтті

29.04.2016
Құқық қорғау органдарының 16 басшы қызметкері арнайы оқу курсынан өтті
Астана мен Алматы және 14 облыстың құқық қорғау органдары басшыларының бірінші орынбасарлары бір ай бойы ұжымға жетекшілік ету мен мемлекеттік құқықтық саясат және тағы басқа тақырыптар бойынша тәлім алған. Олар Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясында дайындықтан өтті.

Айта кетейік, бұл Президенттің білікті маман даярлау тапсырмасы бойынша оқытылған офицерлердің алғашқы тобы.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу