Ұлттық арна қайырымдылық телемарафонын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна қайырымдылық телемарафонын өткізеді

23.04.2016
Ұлттық арна  қайырымдылық телемарафонын өткізеді
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 28 сәуірде тікелей эфирде «Шын жүректен!» атты қайырымдылық телемарафонын ұсынады.

Шара барысында телеарна қызметкерлері аймақтағы филиалдарымен тікелей байланысқа шығып, көмекке мұқтаж, ауыр дертке шалдыққан төрт балаға көмек көрсетпек.

Ақпараттарды kaztrk.kz сайтынан немесе әлеуметтік желілерде #ШынЖүректен #ShynJurekten хэштегі арқылы біле аласыздар.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу