Сәуірдің 27-29 күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық инвестициялық форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәуірдің 27-29 күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық инвестициялық форум өтеді

21.04.2016
Сәуірдің 27-29 күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық инвестициялық форум өтеді
Форумға 21 мемлекеттен 600-ге жуық инвестор қатыспақ. Онда негізінен ауыл шаруашылығы, фармацевтика, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларына қатысты жобалар қарастырылады. Шара аясында өңір экономикасына қаржы салуға ниетті инвесторлар өңірдің инвестициялық әлеуеті және оларға жасалатын жеңілдіктермен танысады.

Алдын ала жасалған келісімдерге сай форум барысында шетелдік кәсіпкерлермен жалпы құны 1,6 миллиард АҚШ доллары болатын 31 инвестициялық жобаға қол қойылмақ. Маңызды келісімдердің ішінде Оңтүстікте қант зауыты, матор майын шығаратын өндіріс салу жобалары бар.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу