Руслан Әлімов: Терроризм - әлемге төнген қауіп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Әлімов: Терроризм - әлемге төнген қауіп

21.04.2016
Руслан Әлімов: Терроризм - әлемге төнген қауіп
Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы лаңкестік топтар Орталық Азия мен ТМД мемлекеттеріне де қауіп төндіріп тұр. Сондықтан офицерлер лаңкестікпен бірлесе күресу жолдарын талқылап, ортақ операцияларды пысықтады.

Қарулы күштер сапындағы әр сарбаздың физикалық дайындығы мен қару-жарақпен қамтылуы, кез-келген уақытта оқыс жағдайдағы әрекеттері талқыланды.

Мемлекетаралық оқу-жаттығулар мен түрлі басқосулар жоспарланды. Халықаралық ғылыми конференцияға Қырғызстан, Ресей, Армения мен Тәжікстанның әскерилері қатысты.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу