Қызылордалық Нәзипа Сарымсақова пластмасса қалдықтарынан сан түрлі гүл құрастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық Нәзипа Сарымсақова пластмасса қалдықтарынан сан түрлі гүл құрастырады

11.04.2016
Қызылордалық Нәзипа Сарымсақова пластмасса қалдықтарынан сан түрлі гүл құрастырады
Көз жанарының сирек кездесетін сырқатына шалдыққан Нәзипа Сарымсақова екі жылдан бері зейнетте. Бірақ, ісмер әйел үйде қол-қусырып қарап отырмай, пластмасса қалдықтарынан түрлі гүл жасауды үйренді. Бастапқыда санаулы ғана жасаса, уақыт өте келе олардың қатары толығып, 34-ке жетті.
Жуырда шеберге облыс орталығында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған қолөнер шеберлерінің байқауына қатысуға ұсыныс келді. «Енді осы мүмкіндікті пайдаланып әлемді гүлдендіруге өз үлесімді қоссам», - дейді Н.Сарымсақова.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу