Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған логотип бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған логотип бекітілді

06.04.2016
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25  жылдығына  арналған   логотип  бекітілді
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25  жылдығына  арналған   логотип  бекітілді

Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова қатысқан Тәуелсіздік тойын өткізу бойынша құрылған мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында мерейтойдың ресми логотипі бекітілді.

Басқосуда мерекелік іс-шараларды әзірлеу және өткізу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру мәселелері талқыланды. Комиссия мүшелері мерейтойды атап өту барысында атқарылатын шаралардың халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Жоспарға сәйкес Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап 254 іс-шара өткізу көзделіпті. Олардың 170-і орталықта, 84 –і өңірлік деңгейде ұйымдастырылмақ.

Толығырақ Ұлттық арнаның Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер.
.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу