Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылуда

31.03.2016
Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылуда
Ұйымға кірген кәсіпкерлердің ісі ілгерілеп, жұмысы жүйеленеді.

Шығыс Қазақстан облысындағы шаруалар ірі кооперативтерге бірігіп жатыр. Себебі, ұйымға кірген кәсіпкерлердің ісі ілгерілеп, жұмысы жүйеленеді. Төрт түлікті өсіріп отырған ауылдағы ағайын сүт және ет өндірісін еселеу үшін күш біріктірудің маңызы зор дейді.

Ұлт жоспарының 60-қадамында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару үшін елді мекендерде кооперативтер құру қажеттігі айтылған. Осы мақсатта біріккен шаруашылықтарға мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінеді.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу