Ақордада Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы кеңес өтті

30.03.2016
Ақордада Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы кеңес өтті
Бүгін Мемлекеттік хатшының төрағалығымен өткен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында осы тақырып талқыланды.

Гүлшара Әбдіқалықова аталған бағдарламаларды орындау барысында бақылаушы органдар тарапынан бюджет қаржысын заңсыз пайдалану және ысырап ету фактілері анықталғандығын айтты. Заңбұзушылықтар әсіресе мемлекеттік сатып алу саласымен байланысты.

Мемлекеттік хатшы жиын соңында құзырлы орган өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысты ішкі талдау жүргізуді тапсырды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу