Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламент Мәжiлiсiнiң төрағасы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламент Мәжiлiсiнiң төрағасы болып сайланды

25.03.2016
Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламент Мәжiлiсiнiң төрағасы болып сайланды
Сондай-ақ, төраға орынбасары болып Владимир Божко мен Гүлмира Исімбаева сайланды.

Жалпы отырыста халық қалаулылары 7 комитеттің төрағаларын да сайлады. Аграрлық мәселелер комитетiне Сапархан Омаров, Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiне Гүлнәр Ықсанова, Заң және сот құқықтық реформа комитетіне Нұрлан Әбдіров, Қаржы және бюджет комитетiне Гүлжан Қарағұсова, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Мәулен Әшімбаев, Экология және табиғатты пайдалану комитетiне Глеб Щегельский, Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетiне Роман Скляр жетекшілік етеді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу