Алматыда Наурыз мейрамы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Наурыз мейрамы жалғасуда

22.03.2016
Алматыда Наурыз мейрамы жалғасуда
Алматылықтар биылғы Наурызды орталықтағы «Астана» алаңында қарсы алды.

Думанды мерекеге 20000-мыңнан астам адам жиналды. 1000 шаршы метрлік сахна құрылып, салтанатты шараның сәнін кіргізді. Мерекеге жайылған берекелі дастархан ұлттық тағамдарға толып, 500 келі бауырсақ пен 500 литр көже тегін таратылды.

Ұлыстың ұлы күніне арналған Алматыдағы ұлан-асыр той сағат 22.00-ге дейін жалғасады.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу