Ұлыстың ұлы күнін ақтөбеліктер сән-салтанатымен атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күнін ақтөбеліктер сән-салтанатымен атап өтуде

22.03.2016
Ұлыстың ұлы күнін ақтөбеліктер  сән-салтанатымен атап өтуде
Облыс орталығында және оған қарасты ауылдық округтерде жаппай халықтық серуендер ұйымдастырылды.

Әбілқайыр хан даңғылының бойына алпысқа жуық киіз үй тігіліп, олардың маңына алтыбақандар орнатылған.
Негізгі мерекелік іс-шаралар Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта өтуде.

Жиналғандар «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!»атты мерекелік театрландырылған қойылымды тамашалады. Сондай-ақ, «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты әжелер арасындағы байқауға да жұртшылықтың қызығушылығы зор болды.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу