Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан темір жолы» АҚ көпбалалы аналар үшін жеңілдіктер енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан темір жолы» АҚ көпбалалы аналар үшін жеңілдіктер енгізді

04.03.2016
Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан темір жолы» АҚ көпбалалы аналар үшін жеңілдіктер енгізді
Бұдан былай «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапатталғандар алқаны растайтын құжат пен жеке куәлігін темір жол кассаларында көрсетіп, «Ардақты ана» атты дисконт картасын иемдене алады.

«Ардақты ана» атты дисконт картасы «Тұлпар-Тальго» пойыздарының он бағыты бойынша жарамды. Олар «Алматы-Астана», «Астана-Атырау», «Алматы-Ақтөбе», «Астана-Шымкент» бойынша. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, елімізде 242 мыңнан астам «Алтын алқа», «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған көпбалалы аналар бар.

Нұржан СӘДІРБАЙ

Хабарламаларға жазылу