Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті

02.03.2016
Әскерилер Алғыс айту күнін атап өтті
Мерекелік концертте Ұлттық Ұлан басшылығы барлық әріптестерін құттықтады.

Алғыс айту күнін мерекелеуден ұландықтар да қалыс қалмады. Офицерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні баршамызға елеулі күн,- дейді.

Мерекелік концертте Ұлттық Ұлан басшылығы барлық әріптестерін құттықтап, түрлі этнобірлестік өнерпаздары ұлттық музыкалық аспаптарында ойнап, кеш көркін қыздырды.

Әскерилердің айтуынша, қазір еліміздің Қарулы Күштері сапында азаматтық борышын өтеп жүрген, әскери қызмет атқарып жүрген түрлі этнос өкілдері бар. Офицерлер мұндай мереке барлық отандастарымызды бірлікке шақырады,- дейді.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ



Хабарламаларға жазылу