Қазақ елі Алғыс айту күнін тұңғыш рет тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі Алғыс айту күнін тұңғыш рет тойлады

02.03.2016
Қазақ елі Алғыс айту күнін тұңғыш рет тойлады
Биыл 14-ші қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн 1-ші наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі жылында Алғыс айту күнін тұңғыш рет тойлады. Мерекенің мәнін осы тұста тағы бір айта кеткен жөн. Өткен ғасырда қазақ жеріне миллиондаған этнос өкілдері еріксіз жер аударылды.

Сол қиын-қыстау заманда, қазақ халқы кеңпейілдігі мен дархандығынан танбады. Тағдыр тәлкегіне түскен сол ұлыстарға құшағын ашты, бауырына басты. Осылайша, Қазақстан сан түрлі этностың құтты қонысына айналды.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу