«Даму» қоры мен Алматы облысының әкімдігі өзара серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» қоры мен Алматы облысының әкімдігі өзара серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

25.02.2016
«Даму» қоры мен Алматы облысының әкімдігі өзара серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және Алматы облысының әкімдігі өзара серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды.

Құжат аясында тараптар өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға биыл 3 миллиард теңге бөледі. Оның 1 миллиарды облыс бюджетінен қарастырылса, қалғанын «Даму» қоры ұсынып отыр.

Бұл қаржы кәсіп бастаймын деген азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы несие ретінде беріледі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу