Әкім журналистерді Наурыз мерекесіне шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкім журналистерді Наурыз мерекесіне шақырды

23.02.2016
Әкім   журналистерді  Наурыз мерекесіне  шақырды
Әкім   журналистерді  Наурыз мерекесіне  шақырды

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов журналистерді күнгейдегі өлкеде тойланатын Наурыз мерекесін өз көздерімен көруге шақырды.

Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы бірнеше жылда Наурыз мейрамы 9 күн қатарынан тойланып келе жатқан еді. Журналистердің мейрамды осылай тойлауға қатысты қойған сұрағына Бейбіт Атамқұлов: «Наурыздың тарихы терең, көне мейрам. Күллі түркі мен парсы жұртына ортақ. Мейрамды тойлаудың ресми белгіленген нормалары бар. Үш күн ресми демалыс. Бірақ, оңтүстікте Наурыз бір ай тойланады. Халықтың көңілі 9 күн түгілі, бір айға да сыймайды. Біраз жоспарлар құрдық, оны өздеріңіз келіп, көздеріңізбен көргендеріңіз дұрыс. Сіздерді Наурыз мерекесінде оңтүстікке шақырамын»,-деді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу