«Жақсылық жаса!» акциясына үлес қос! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жақсылық жаса!» акциясына үлес қос!

20.02.2016
«Жақсылық жаса!» акциясына үлес қос!
Республикалық жобаға күн өткен сайын қолдау білдіргендердің қатары артуда.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің». Елімізде адамдардың бір-біріне мейірімділік танытып, тек ізгі істерге шақыратын акция басталды. «Жақсылық жаса!» деп аталатын республикалық жобаға күн өткен сайын қолдау білдіргендердің қатары артуда.

Бір минутқа да жетпейтін осы бейнеролик ауқымды жобаның дүниеге келуіне түрткі болған. Жастар ауа райының суықтығына қарамай, далада сауда жасап тұрған қарияларға көмек ретінде құлпынай тосабын сатып алады. Соңынан ғаламторда «Жақсылық жаса!» атты акция бастаған.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу