Президент жаңа мешіттің жобасымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жаңа мешіттің жобасымен танысты

16.02.2016
Президент жаңа мешіттің  жобасымен танысты
Президент жаңа мешіттің  жобасымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда тұрғызылатын мешіттің жобасымен танысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Архитектуралық жобаға сәйкес, мешітте биіктігі 75 метрлік бірнеше мұнара болады. Кешеннің орталық бөлігінде 9 күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Сондай-ақ оның құрамына ислам кітапханасы, әкімшілік бөлік, намаз оқитын залы бар әйелдер корпусы, діни рәсімдер өткізуге арналған зал, оқу-ағарту топтарына арналған және медресе сыныптары бар ерлер бөлігі, сондай-ақ шеберхана мен дүкендер кіреді. Мешіттің жалпы аумағы ауласымен қосқанда 6,3 гектарды алып жатыр


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу