«Әбу-Даби Плаза» кешенінде болған өртті сөндіру кейбір кедергілерге байланысты ұзаққа созылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әбу-Даби Плаза» кешенінде болған өртті сөндіру кейбір кедергілерге байланысты ұзаққа созылған

13.02.2016
«Әбу-Даби  Плаза» кешенінде болған өртті сөндіру кейбір кедергілерге байланысты ұзаққа  созылған
«Әбу-Даби  Плаза» кешенінде болған өртті сөндіру кейбір кедергілерге байланысты ұзаққа  созылған

Бүгін түнде Астанада тұрғызылып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешенінде өрт шықты. Орталық Азия өңіріндегі ең биік ғимарат болуы тиіс деп жоспарланған өртті сөндіруге шамамен алты сағатқа жуық уақыт кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Құрылыстағы өртті сөндіруге өрт сөндіру-құтқару қызметінің 78 маманы мен 27 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, Астана қалалық ІІД жеке құрамынан 24 қызметкер мен 12 техника да нысан төңірегінде қызмет жасаған. Деректерге қарағанда, құрылыста өрттің шыққаны туралы хабар тиісті мекемелерге таңғы сағат 04.40 шамасында жеткен. Ал, өрт толықтай таңертеңгі 10 сағат 44 минутта сөндіріліпті. Өрт сөндіру кезінде 120 адам эвакуацияланған.

Оқиға болған жерге барған Ұлттық арнаның Kaznews қызметінің тілшісі Индира Бегайдар өрт сөндіру кезінде тікұшақ та қолданылғанын айтады. Дегенмен, тікұшақ тікелей өрт сөнідурге емес, жоғарыдан бақылау жүргізуге және өрт шарпыған аумақты бағалау үшін тартылған. Сонымен қатар, тілшіміз өртті сөндірудің ұзаққа созылып кетуінің де сырын да біліп қайтты. Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Аягөз Фазылованың айтуына қарағанда өртті сөндіру кезінде бірқатар қиындықтар болған. Нақты айтқанда нысанға өрт сөндіру техникаларын кіргізуге арналған жолдар қарастырылмаған әрі өрт сөндіру баспалдақтары болмаған. Сол себепті, өртті сөндіру уақыты біразға созылып кетсе керек. Толығырақ Ұлттық арнаның Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер.





Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу