Астанада «Сәлеметсіз бе, мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты акция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сәлеметсіз бе, мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты акция басталды

26.01.2016
Астанада «Сәлеметсіз бе, мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты акция басталды
Осы жылдың 25 қаңтары мен 25 наурызы аралығында Астана қалалық ІІД «Сәлеметсіз бе, мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» атты акция жүргізеді.

Іс-шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары пәтерлер мен аулаларды аралап, сол аумақта тұратын азаматтармен жолығады. Бұқара жұрт кездесуде өздерін мазалайтын сұрақтарын қоя алады.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу