Қазақ армиясы келісімшарт әскерлерімен толығып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ армиясы келісімшарт әскерлерімен толығып жатыр

11.01.2016
Қазақ  армиясы келісімшарт әскерлерімен толығып жатыр
Қазақ  армиясы келісімшарт әскерлерімен толығып жатыр

Өткен жылы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарында 3 мың сарбаз келісімшарт негізінде қызмет етуді бастаған. Жалпы, 2015 жылы келісімшартпен әскери қызмет атқаруға өтініш білдіргендер саны 6 мыңнан асыпты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде Қарулы күштер жеке құрамының 71 пайызы келісімшарт бойынша қызмет атқаратын сарбаздар мен сержанттардан құралған. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-мобилизация департаменті таратқан деректерге қарағанда соңғы жылдары келісімшартпен әскери қызмет атқаруға ниет танытқан жауынгерлердің даярлағы айтарлықтай өсіп отыр. Бұл келісімшарт әскерлерін таңдаудың жетілдірілуі нәтижесінде жүзеге асып жатыр. Қазір жауынгерлердің моралды-психологиялық, кәсіби дайындығына әрі денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, келісімшартпен қызмет атқаруға ниет қылған азаматтардың ішінен В,С санатты көлік жүргізушілеріне, байланыс, медицина, бағдарламалық қамтамасыз ету салаларының мамандарына сұраныс жоғары.

Бүгінде келісімшарт әскері Қазақстан армиясының негізгі құрамына айналды. Бұл қызмет Отан қорғауды кәсіби міндет деп танитын азаматтарға арналып отыр. Келісімшарт әскерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу бірінші кезекте тұр. Жауынгерлер мен олардың отбасылары баспанамен қамтамасыз етіледі немесе пәтер жалдауға арналған тиісті қаржылай өтемақыларын алады. Сонымен қатар, тегін медицниалық қызмет те қарастырылған. Әрі келісімшарт әскерлері мен олардың отбасы мүшелері қызмет бабымен көшіп-қонған жағдайда әуе, темір жол, су және автомобиль көліктерінің қызметін тегін пайдаланады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу