Қазақстан әлемдік рейтингте топ ортасында тұр

Қазақстан интернет сапасы жағынан әлем елдерінің ішінде 58 орын иеленді. Бұл 2015 жылдың қорытындысы. Рейтингке дүниежүзіндегі 167 мемлекет қатыстырылған.
Әлем бойынша интернеттің дамуы мен сапасын зерттейтін мамандар рейтинг жасау кезінде бірқатар мәселені ескерген. Дәлірек айтқанда, интернетке кіру мүмкіндігін, қызметтің құнын, интернет жылдамдығын, интернетке қосылатын құралдардың бар-жоқтығын қарастырған. Нәтижесінде, 167 елдің ішінде интернеттің сапасы мен дамуы жағынан көш басында Оңтүстік Корея тұрғаны анықталды. Олар он балдық шкала бойынша 8,93 ұпай алған. Одан кейін 8.88 ұпаймен Дания, 8.86 ұпаймен Исландия тұр. Алайда, үздіктер әр түрлі талаптар бойынша түрлі орындар алып отырған.
ТМД елдерінің ішінде рейтингте мейілінше жақсы көрсеткішке қол жеткізген ел – Беларусь. Беларусьтар 38 орында тұрса, Ресей 45, Әзербайжан 67, Грузия 78, Украина 79 орында тұр. Ал, Қырғызстан 97 орын иеленіпті. Алайда, тізімде Өзбекстан мен Тәжікстан жоқ. Дегенмен, интернеттің даму қарқыны ең төмен ел ретінде Чад мемлекеті танылған. Мамандар бұл елдің көрсеткішін 1,17 ұпаймен бағалапты.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07
Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
07.02.2026, 20:06
XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
07.02.2026, 20:06
Д.Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифті көтермек
07.02.2026, 20:05
Мароккода тасқын қаупіне байланысты 143 мың адам эвакуацияланды
07.02.2026, 20:04