Жолақыға берілетін жеңілдік атаулы көмек арқылы ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолақыға берілетін жеңілдік атаулы көмек арқылы ұсынылады

10.11.2015
Жолақыға   берілетін жеңілдік атаулы көмек арқылы ұсынылады
Жолақыға   берілетін жеңілдік атаулы көмек арқылы ұсынылады


Ақтөбе қаласында қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүретін азаматтарға енді ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Егер бұрын бұл мақсаттағы қаражат жолаушылар тасымалын жүргізетін мекемеге субсидия ретінде берілетін болса, бұдан былай қаражат тұрғындардың жеке шотына аударылатын болды. Бұл туралы Қазақ радиосының Ақтөбедегі тілшісі Мейрамгүл Рахатқызы хабарлады.

Ақтөбеде енді екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектер, жасы жетіп зейнетке шыққандар, 1,2,3 топ мүгедектері мен 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер қоғамдық көлікте айына шамамен 20-25 рет қана тегін жүре алады. 7-15 жастағы балалар мен студенттер де жеңілдікті шекті мөлшерде пайдаланады. Себебі жолақыға берілетін жеңілдік үшін төленетін қаражат енді атаулы көмек арқылы ұсыналатын болды. Түсініктірек айтсақ, осы санатқа кіретін азаматтарға ай сайын жолақыға төленетін ақша енді олардың қолдарына беріледі.

Әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау төлемдерін уақытша тоқтатуға және жолақы төлемдерін өтеу үшін нақты әлеуметтік төлемдер беруге көшу шешімінің қабылдануына байланысты бағдарлама бойынша 442,8 млн.теңге қаржы мәслихат сессиясында қайта бөлінді.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу