Мысырға әуе рейстері жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырға әуе рейстері жалғасып жатыр

09.11.2015
Мысырға әуе рейстері жалғасып жатыр
Мысырда болған қайғылы жағдай Қазақстандықтарды аса алаңдата қоймағандай.

Себебі осыдан екі күн бұрын ғана туристер мінген жолаушылар ұшағы Алматыдан Мысыр еліне ұшты. Олар елге 17-қарашада оралады.
Мамандардың айтуынша, құзырлы органдардан рейстерді тоқтату туралы бұйрық келмеген. Яғни әуе көлігі өз кестесімен ұша бермек.

Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, ел бойынша астаналықтар ғана соңғы 4 жылда Египетте демалуды азайтқан.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу