Жиын-терін науқаны сәтті аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жиын-терін науқаны сәтті аяқталды

05.11.2015
Жиын-терін науқаны сәтті аяқталды
Биыл жауын-шашынға ұрындырмай, ерте жинап алудың арқасында азық-түліктен ешбір облыс таршылық көрмейтін секілді.

Биылғы күз ырысын мол берді, ысырап жоқ. Топырақ та құрғамады, құрғатар қуаңшылыққа да ұрынбадық. Ең бастысы, қап-қап бидайымыз қар астында қалмады. Шаруалар шашпай жинап алды.

Бұл сөзімізге бірнеше күн бойы тіке қырманның басынан, егіс даласынан түсірген репортаждарымыз дәлел. Ал, осы жиғанымыз қыс бойы ішіп-жемге жетеді ме? Картоптың, пияз-сәбіздің бағасы қалта қақпай ма?

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу