Павлодарлықтар Жаңа жылды қарсы алудың қамына кірісіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлықтар Жаңа жылды қарсы алудың қамына кірісіп кетті

05.11.2015
Павлодарлықтар Жаңа жылды қарсы алудың қамына кірісіп кетті
Биыл Екібастұз қаласының әкімдігі Аяз ата, Ақшақар және маймылдың үрлемелі қуыршақтарын сатып алуға ғана 1 миллион теңге бөліп отыр.

Алдағы айда рет-ретімен келетін Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесі тұрғанына қарамастан, павлодарлық шенеуніктер Жаңа жылды қарсы алудың қарекетіне кірісіп кетті. Бүгін осы мерекеге бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін жариялады.

2013 жылы шаһардың қақ төріне 38 миллион теңгенің зәулім шыршасы орнатылды. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырған еді.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу