Қоршаған ортаға экологиялық мониторинг жасаудың сапасы мен тиімділігін арттыру қарастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоршаған ортаға экологиялық мониторинг жасаудың сапасы мен тиімділігін арттыру қарастырылды

04.11.2015
Қоршаған ортаға экологиялық мониторинг жасаудың сапасы мен тиімділігін арттыру қарастырылды
Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының алғашқы отырысында осы мәселеге баса назар аударылды.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель төрағалық еткен жиында халық денсаулығына медициналық мониторинг жүргізу сөз болды.
Тиісті министрлік өкілдері қатысқан кеңесте аталған мәселелерге қатысты сенімді және салыстырмалы ақпарат алу жайы да назардан тыс қалмады.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Хабарламаларға жазылу