Қызылорда қаласының тұрғыны Бақыт Жұмашев заман талабына сай кәсібін әртараптандырып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласының тұрғыны Бақыт Жұмашев заман талабына сай кәсібін әртараптандырып келеді

04.11.2015
Қызылорда қаласының тұрғыны Бақыт Жұмашев заман талабына сай кәсібін әртараптандырып келеді
Бақыт Жұмашевтың баспаханасы, компьютерлік оқыту орталығы, жарнама агенттігі және жиһаз жасау цехы бар.

Баспаханада компьютерлік қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Бет қаттау, теру, көшірме жасау, түрлі-түсті қағаздар басып шығаруға бүгінгі күні сұраныс өте жоғары. Ал, ата-анасы мүгедек студенттер үшін осының бәрі тегін.

Түрлі кәсіптің басын біріктіріп, істі ұршықша иіріп отырған Бақыт өзі де табыс табады, өзгелерге де қол ұшын созады. Кәсіпкер пластиктен есік-терезе жасауды қолға алды, орайын тапса өзге де кәсіптің көрігін қыздырмақ.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу