Ресейлік мемлекеттік қызметкерлер Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында тағылымдамадан өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік мемлекеттік қызметкерлер Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында тағылымдамадан өтуде

02.11.2015
Ресейлік мемлекеттік қызметкерлер Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында тағылымдамадан өтуде
Бүгін аталған академияда «Өңірдің бәсекелес басымдықтарын дамытуды басқару» тақырыбындағы халықаралық тағылымдаманың тұсауы кесілді.

Ортақ оқу бағдарламасы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен бірлесіп жасақталған. Осылайша алдағы екі апта бойы біздің бірнеше министрліктің өкілі ресейлік әріптестеріне дәрістер оқып, мемлекеттік басқарудың қыр-сырын үйрететін болады.

Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы осы саладағы алғашқы тәжірибе.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу