Қостанайда «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

28.10.2015
Қостанайда «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған мәдени ағартушылық шара негізінен орыс мектептерінде оқитын жеткіншектерге мемлекеттік тілді үйретуді көздейді.

Қостанай облысында биыл жобаға мыңнан аса бала қатысты. Алдағы жылы олардың қатары көбейе түседі, дейді мамандар. Себебі тілдік жоба өзінің тиімділігін көрсетті.

Сондықтан балалар мен ата-аналардың зор қызығушылығын туғызып отыр. Олардың қай-қайсысы болсада «Мың бала» жобасының жұлдызы жоғары болады» дейді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу