Атырауда қымбаттаған нан бағасы қайта төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қымбаттаған нан бағасы қайта төмендеді

28.10.2015
Атырауда қымбаттаған нан бағасы қайта төмендеді
Бір апта бұрын жергілікті наубайханашылар нан бағасын бірден бес теңгеге өсіріп жіберген болатын.

Кәсіпкерлер су мен электр жарығы және газға төленетін тариф құнының, жанар-жағар май бағасының өсуінен амалсыз осындай қадамға барғандарын айтқан. Жергілікті билік болса, берген уәдесінде тұрып, нан бағасын ретке келтірді.

Себебі, әкімдік субсидия бөлу арқылы кәсіпкерлерге бірінші сұрыптағы ұнды нарықтағы бағадан арзан беріп отыр. Бүгінде, облыс бойынша жұмыс істеп жатқан оннан астам наубайхана нанды 45 теңгеден сатуда.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу