Ақтауда 15 жастағы қыз астан уланып қайтыс болды

16.10.2015
Ақтауда 15 жастағы қыз астан уланып қайтыс болды

Бір отбасының үш бірдей мүшесі кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезінген.  Оқушы қыздан бөлек оның 11 жастағы інісі мен әкесі де түні бойы мазасызданып шыққан.

Жедел жәрдем келгенше есін жия алмай 15 жастағы қыз қайтыс болған. Эпидемиологиялық зерттеулер улануға консервіленген өнімді ашық күйінде ұзақ сақтау себеп болғанын анықтап отыр.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу