Оңтүстік Қазақстан облысында мақта талшығының жартысына жуығы терілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта талшығының жартысына жуығы терілді

05.10.2015
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта талшығының жартысына жуығы терілді

Биыл ауданда 77 мың гектардан астам жерге шит себілді. Әбден пісіп, тұтастай көсек ашқан ақ алтынды жинап алуға қазір ауылдағы еңбекке жарамды азаматтың барлығы жұмылдырылған.

Қазір жиын терімде 300-ден астам комбаин жұмыс істейді. Соның арқасында биыл өнімнің 60 пайызы  техниканың күшімен жиналмақ. 

Мақтаралдық шаруалар биыл 190 мың тоннадай мақта талшығын жинап аламыз деп мәжелеуде. Күн райы қолайлы болса, қарашаның суығы түскенше жиын терім науқаны толық аяқталмақ. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу