Солтүстік Қазақстан облысында егіннің 77 пайызы орылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында егіннің 77 пайызы орылды

01.10.2015
Солтүстік Қазақстан облысында егіннің 77 пайызы орылды

Биыл егіннің шығымы орта есеппен гектарынан 15,3 центнерден айналуда. Бұл жайында орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Өңірде биыл 4 миллион 400 мың гектар алқапқа егін егілген. Облыс экономикасының өзегі ауыл шаруашылығы болғандықтан аграрлық салаға биыл 26 миллиард теңге инвестиция салынды. Осының арқасында агроқұрылымдар қуатты техникалар сатып алды. Бірақ, әлі де болса ауыл шаруашылығы саласы мамандарының жетіспеушілігі байқалады.

                

Сағындық СӘБИТҰЛЫ                            

Хабарламаларға жазылу