Павлодар қаласына жылу 1-ші қазанда беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласына жылу 1-ші қазанда беріледі

28.09.2015
Павлодар қаласына жылу 1-ші қазанда  беріледі

Болат Бақауов пәтер иелері кооперативтеріне қатаң ескерту жасады.  Павлодар қаласы бойынша жылу жүйелерінің ұзындығы 400 шақырым. Оның 110 шақырымы негізгі магистраль. Биыл түгелдей суықтан оқшаулағыш материалдармен қапталды. Ал, аула ішіндегі желілерде соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы жылу орталықтары  жұмыс істеп тұрған қазандықтардан бөлек резервтік пеш, қондырғылар дайындап қойған. Жылу өндіруге қажетті отын қоры да жеткілікті. Балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандарға жылу осыдан екі апта бұрын берілген.   

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу