Санкт-Петербургте Еуразиялық әйелдер форумы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте Еуразиялық әйелдер форумы аяқталды

25.09.2015
Санкт-Петербургте Еуразиялық әйелдер форумы аяқталды

Санкт-Петербург қаласында екі күнге созылған Еуразиялық әйелдер форумы аяқталды. Жиын соңында әлемнің 80 елінен келген делегаттар қорытынды құжат қабылдады.

Онда: «халықаралық парламентаралық құрылымдарды әйелдердің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін заңнамалық тұрғыда кеңейтуге, ана мен бала денсаулығын сақтауға арналған шараларды жетілдіруге шақырамыз», деп жазылған. Және форумға қатысушылар, әлем бойынша әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруды ұсынып отыр.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу