Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің түбін тереңдетіп, арнасын тазарту қолға алынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің түбін тереңдетіп, арнасын тазарту қолға алынуда

24.09.2015
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің түбін тереңдетіп, арнасын тазарту қолға алынуда

Таяз жерлерді тереңдету гидрографиялық түсірілімнен соң басталады. Мамандар бірінші кезекте су көлігінің қатынасына қолайсыздық тудырар аумақтарды таңдайды. Өйткені Жайықтың, Батыс Қазақстан облысы бөлігінде кеме қайраңдап қалуы ықтимал 146 орын бар.

Жылына Жайық өзені арқылы 12 мың жолаушы және 30 мың тонна құрылыс материалдары тасылады. Сондықтан өзен арнасының суалмауы маңызды.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу