Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысы өз қаражатына мектеп салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысы өз қаражатына мектеп салды

24.09.2015
Шығыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының басшысы өз қаражатына мектеп салды

Ескі мектеп жабылатын болған соң, шағын елді-мекендегі шаруа қожалығының басшысы осы ғимаратты сатып алып, күрделі жөндеуден өткізген.

Мектепті жөндеу жұмыстарына 3,5 миллион теңге жұмсаған. Жұмабек Күшікбаевтың тартуына барша ел-жұрт алғыс айтып отыр. Мектеп жабылып қалған жағдайда 9 адам жұмыссыз қалар еді. Енді, ауыл оқушылары жаңа мектепте білім алуды жалғастыруда.

 

 

 

  Берік КӨШЕРБАЙ                                       

Хабарламаларға жазылу