Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы қыза түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы қыза түсті

21.09.2015
Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы қыза түсті

Күні бүгінге дейін 4 жарым миллион гектардай алқаптағы егіннің тең жартысына жуығы  орылды. Шаруалар барынша қысқа мерзімде бидайды ысырапсыз жинап қамбаға құйып алуға күш жұмылдыруда.  

Дайындық ауылында жылда шаруа қожалығы 7 жарым мың гектар алқапқа егін егеді. Биыл  бидайдың  шығымы  жақсы. Гектарынан 30 центнерден өнім алуда. Қуатты техникаларды тізгіндеген комбаиншылар ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдалануға тырысуда.

 

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу